Геннадий Головкин - шілде айының үздік боксшысы

Кәсіпқой бокстан WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы Геннадий Головкин шілде айының үздік боксшысы атанды, деп хабарлайды Қазспорт арнасы WBA сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 27-ші шілде күні Нью-Йорктің «Madison Square Garden» аренасында Дэниэл Гилмен жұдырықтасқан болатын. Головкин жекпе-жек басталғаннан шабуылдар ұйымдастырып, үшінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді.

Бұл – 32 жастағы қазақстандық боксшының кәсіпқой шаршы алаңдағы 30-шы жеңісі. Головкин келесі жекпе-жегін екі-үш айдан кейін өткізеді деп жоспарлануда.

Оған қоса, боксшы келесі көктемде WBA тұжырымы бойынша чемпиондық белдігін қорғау үшін жекпе-жекке шығуға міндетті. Бұл жекпе-жек Мәскеуде өтуі мүмкін.

Оған Флойд Мейвезер, Мигель Котто және Питер Куиллин қарсылас атануы ықтимал.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или