Ұлттық спорт түрлерінен жасөспірімдер арасында ҚР ІІІ чемпионаты өтеді

Алматы қаласында 31 шілде мен 4 тамыз аралығында көкпардан, аударыспақтан және теңге ілуден жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының ІІІ чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ұлттық спорт қауымдастығының ресми сайты.

Жарысқа еліміздің әр облысы мен Астана, Алматы қалаларының 1996-1998 жылы туған жасөспірім спортшылар қатысады деп жоспарлануда.

Чемпионат ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2014 жылға арналған бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбелік жоспарына сәйкес өткізіледі.

Өтетін жері: Алматы облысы, Қарасай ауданы, «Қазанат» атшабары

Өтетін уақыты: 31-шілде күні сағат 09-30-да басталады.

Салтанатты ашылуы сағат 11-00-де.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или