Пабло Андухар Гштаадтағы турнирде топ жарды
<p>
<strong>Испаниялық теннисші Пабло Андухар Хуан Монаконы тізе бүктірді.</strong></p>
<p>
АТР рейтингінде 71-орында тұрған 28 жастағы Пабло Андухар Гштаадтағы турнирдің шешуші матчында аргентиналық Хуан Монаконы екі сетте жеңді. Бір сағат, 33 минутқа созылған матч 6:3, 7:5 есебімен аяқталды. Бұл қос теннисші арасындағы алғашқы ресми ойын болатын.</p>
<p>
Андухар осы маусымдағы алғашқы, мәнсабындағы үшінші титулына қол жеткізді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или