Головкин келесі жекпе-жегін күзде өткізуі мүмкін

WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін қазан немесе қараша айына жоспарлап отыр, деп мәлімдейді kazsporttv.kz сайты.

«Менде қазір бәрі жақсы. Кездесуге тыңғылықты дайындалып жатырмын. Қарсыласым Дэниэл Гил - бұрынғы Әлем чемпионы, өте қауіпті қарсылас. Мен Madison Square Garden шаршы алаңында жекпе-жек өткізетініме қуаныштымын. Сондай-ақ, келесі кездесуімді Мигель Котто немесе Канело Альвареске қарсы өткізгім келеді. Кездесу күз айында өтуі мүмкін», дейді Геннадий Головкин.

Естеріңізге сала кетейік, 27-ші шілде күні өтетін Дэниэл Гил мен Геннадий Головкин арасында өтетін жекпе-жекті «KAZsport» теларнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или