Бразилия құрамасының бас бапкері сейсенбіде анықталады

Осы сейсенбіде Бразилия құрамасының жаңа бас бапкерінің есімі жарияланады. Бұл туралы шетелдік басылымдар хабарлауда.

Дереккөзге сүйенсек, пентакампеондарды қайтадан Дунга жаттықтырады. Алайда бұл міндетке бірнеше кандидаттар бар: Тите («Коринтианс»), Муриси Рамальо («Сан-Паулу») және бразилиялық құраманың 1998-2000 жылғы бапкері Вандерлей Лушемберго.

Бейсенбіде Бразилия футбол федерациясы Жилмар Риналдиді ұлттық құраманың барлық деңгейіндегі негізгі координатор етіп тағайындады. «Қазір ең маңыздысы – не қалайтынымызды анықтап, қажетті адамды таңдап алу. Қазір үзіліс керектігін мойындауымыз қажет», - деді Риналди.

Естеріңізге сала кетсек, Бразилия құрамасының бұрынғы бас бапкері Луис Филипе Сколари команда әлем чемпионатында төртінші орын алған соң, орнынан кетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или