Қызылордада дзюдодан Ел біріншілігі аяқталды

Дзюдодан ел біріншілігі аяқталды. Боз кілемде 23 жасқа дейінгі ұл-қыздар 2 күн бойы белдесті.

Еліміздің 14 облысы мен Алматы, Астана қалаларынан барлығы 300-ге жуық жас спортшы бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Сыр спортшылары көш бастады. Қызылордалық өрендер 5 алтын, 2 күміс, 6 қола медаль олжаласа, біріншіліктің екінші сатысына орын тепкен Алматы құрамасы 2 алтын, 1 күміс медальді қанағат тұтты. Бір алтын, екі күміс медальмен Шығыс Қазақстан облысы үздік үштікті түйіндеді.

Ержан Байжұманов, ҚР Ддзюдодан мемлекеттік жаттықтырушысы:

- Халықаралық стандарт бойынша өтіп жатыр. Бірінші-екінші орын алған спортшыларға ҚР спорт шебері атағы беріледі. Дайыдықтарын қарасақ, техникалық деңгейлері өте жақсы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или