Шахматшыларымыз есту қабілеті нашар жандар арасындағы Олимпиададан олжалы оралды

Хорватияның Опатия қаласында есту қабілеті нашарлар арасында XVII Шахмат олимпиадасы аяқталды.

Қазақстанның әйелдер құрама командасы бұл сында Ресей және Украина сынды мықты командаларды ғана алға жіберіп, өз тарихында тұңғыш рет Шахмат олимпиадасында үшінші орынды жеңіп алды.

Ұлттық құрама команда сапында Нина Жуковская, Алмаш Нөсерова (екеуі де Алматыдан) және Наталья Горохова (Ақтау) қола жүлдеге ие болды. Шахматшыларымызды аталған жарысқа құрама команданың бапкері Максим Рожков дайындады.

Он күнге жалғасқан бұл байрақты бәсекеге барлығы сегіз әйелдер құрама командасы қатысқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или