Президент Кубогына қатысатын Ресей құрамы

Үстіміздегі жылғы маусымның 8-і мен 13-і аралығында Алматы қаласында өтетін «ҚР Президенті кубогі» IV халықаралық жарысына қатысу үшін Ресей құрамасының құрамы белгілі болды.

Ресей құрамасының бас жаттықтырушысы Александр Лебзяк келесі боксшыларды әкеледі: Расул Салиев (49 кг), Гавриил Попов (52 кг), ЗинатЖандыбаев пен Петр Васильев (56 кг), Эдуард Хусаинов (64 кг), Дмитрий Муратов (69 кг). Резервте Федор Виноградов (69 кг) бар.

Естеріңізге сала кетейік, Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының шаршы алаңында Қазақстаннан, Куба, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Армения, Түрікмения, Филиппин, Украина, Тайланд, Әзірбайжан мен Ирактан келетін сарбаздар өнер көрсетеді.

Ақпарат ҚБФ ресми сайтынан алынды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или