Руни жанкүйерлерінен кешірім сұрады

Футболдан Англия құрамасының шабуылшысы Уэйн Руни жанкүйерлерінен Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатынан ерте шығып қалғаны үшін кешірім сұрады.

Англия италиялықтар жеңіліс тапқан Италия – Коста-Рика матчынан кейін топтан шығу мүмкіндігінен айырылды.

«Әлем біріншілігінің топтық кезеңінде шығып қалу мені қатты түңілдіріп жіберді. Әр ойынға шықпас бұрын өз-өзімізге деген сеніміміз нық болатын. Өкінішке қарай, бұл сенім ақталмады. Чемпионатқа біз үшін келген, үйде отырып тамашалаған барлық жанкүйерлерімнен жақсы ойын көрсете алмағанымыз үшін кешірім сұраймын…», – деп жазды Руни фейсбукте.

Сейсенбі күні, Англия Коста-Рикамен қалған матчын ойнайды, содан кейін елдеріне қайтады.

Осы жолғы ойын ағылшындықтар үшін соңғы 56 жылда болмаған сәтсіздік әкелді, соңғы рет олар 1958 жылы топтан шыға алмай қалған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или