Мексика құрамасы жанкүйерлері үшін жазалануы мүмкін
<p>
<strong>Мексика мен Камерун құрамалары арасында өткен ойыннан кейін ФИФА өкілдері нәсілшілдікке қатысты тексеріс жүргізіп жатыр. Айтуларынша, Мексика жанкүйерлері матч кезінде африкалықтардың нәсіліне қатысты ұрандар айқайлаған. </strong></p>
<p>
ФИФА мүшелерінің ресми мәлімдемесінде тәртіптік тексеру мексикалық жанкүйерлердің түсініксіз әрекеттеріне қатысты басталғаны айтылған. Сонымен қатар, Би-би-сидің хабарлауынша, тексеріске тек мексикалық жанкүйерлердің ісі еніп отырған жоқ. Сондай-ақ, Бразилия жанкүйерлерінің гомофобтық ұрандары, Ресей және Хорватия құрамаларының ойындары кезіндегі стадионға ілінген антисемистік плакаттар да комиссия мүшелерінің назарында.</p>
<p>
Айта кетейік, ФИФА-ның жаңа ережелеріне сәйкес, нәсілшілдікке жол берген футбол командалары төменгі дивизионға өткізіледі немесе жарыстан мүлдем шығарылып тасталынады. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или