Икер Касильяс: «Құрамада қалар-қалмасымды білмеймін»

Испания құрамасының қақпашысы Икер Касильяс командасы әлем чемпионатында ұшып кеткен соң «қызыл фурияның» турнирдегі нәтижесі туралы өз пікірін айтты.

«Егер әлем чемпионатындағы алғашқы екі матчта жеңіліп қалсаңыз, бәрі де түсінікті болады. Жанкүйерлеріміз кешіреді деп үміттенеміз. Алаңда бар күшімізді салғанымызды түсінетін шығар. Бірақ біз ештеңе істей алмадық.

Бұл жағдай үшін біз жауап береміз. Бұл үлкен соққы болды, енді осы ұшқанымызды ұмыту қажет.

Құраманың ұшып кеткенін талқыға салудың қажеті жоқ секілді, қазір кінәліні іздейтін кез емес.

Қүрамада отыздан асқан ойыншылар бар, бапкер өз шешімін жасайды, ал біз оны құрметтейміз.

Бұл менің құрамадағы соңғы матчым ба? Білмеймін, көре жатармыз.

Біз дәл осындай нәтижеге лайық емеспіз. Енді турнирді көңілді аяқтауға тырысамыз, Австралияны жеңуді ойлап отырмыз», – деді Касильяс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или