Криштиану Роналду: «Бұл Португалия жылы болуы тиіс»

Криштиану Роналду: «Бұл Португалия жылы болуы тиіс»
<p style="text-align: justify;"> <strong>Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду әлем чемпионатында Германия командасына қарсы матчтың алдында португалиялықтардың қарсыласын тізе бүктіре алатынын жеткізді.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Неміс құрамасы өте мықты. Бұлар &mdash; әлемнің үздік командаларының бірі және мундиальдің фавориті. Бірақ біз жеңіске жету үшін қолымыздан келгенін аямаймыз. &laquo;Реал&raquo; да ұзақ уақыт бойы мюнхендік &laquo;Баварияны&raquo; жеңе алмаған болатын, алайда бәрі өзгерді ғой. Бұл Португалия жылы болуы тиіс&raquo;, &mdash; деді Роналду.</p> <p style="text-align: justify;"> Естеріңізге сала кетсек, бұл құрамалар арасындағы матч Астана уақытымен 22:00-де басталады. Ойынды &laquo;Еуразия&raquo; арнасынан көре аласыздар.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или