Геннадий Головкин әр кездесуі үшін $300-400 мың алады

Forbes журналының хабарлауынша, WBA және IBO бойынша қазіргі чемпион Геннадий Головкин әр кездесуі үшін 300 немесе 400 мың алады.

Сонымен қатар, төменде қазақстандық кәсіпқой боксшылардың үздік ондығы жарияланған.

1. Геннадий Головкин (1982 ж., орта салмақ: 72,6 келіге дейін) – WBA нұсқасы бойынша қазіргі чемпион (Титулын он рет қорғаған) және IBO чемпионы (7 рет); кәсіпқой рингте 29 кездесу – 29 жеңіс (26 – нокаут).

2. Василий Жиров (1974 ж., 1-ші ауыр салмақ: 90,9 келіге дейін және ауыр салмақ: 90,9 келіден жоғары) – 1999 жылдың маусымынан 2003 жылдың сіуіріне дейін IBF чемпионы (6 рет титулын қорғады). 42 кездесу – 38 жеңіс (32 – нокаут), мәнсабын бітірді.

3. Бейбіт Шүменов (1983 ж., жартылай ауыр салмақ: 79,4 келіге дейін) – 2010 жылдың қаңтарынан 2014 жылдың сәуіріне дейін WBA және IBA чемпионы; 16 кездесу – 14 жеңіс (9 – нокаут).

4. Марат Мәзімбаев (1974 ж., 2-ші жеңіл салмақ: 52,2 келіге дейін) – 2005 жылғы IBA чемпионы және WBO-ның құрлықаралық чемионы; 25 кездесу – 20 жеңіс (14 – нокаут), мәнсабын бітірді.

5. Жанат Жақиянов (1983 ж., жеңіл салмақ: 53,5 келіге дейін) – 2010-2012 жылдар аралығында WBC-дің Asia Council Continental титулына ие болды, 2014 жылдың сәуірінде EBU нұсқасы бойынша титулды жеңіп алды; 23 кездесу – 22 жеңіс (15 – нокаут), WBC рейтингінде 2-орын.

6. Виталий Демьяненко (1983 ж, жартылай ауыр салмақ: 66,7 келіге дейін) – 2006 жылы PABA чемпионы атанды, WBO-ның Asia-Pacific және WBC-дің Asian Boxing Counsil титулының иегері; 22 кездесу – 22 жеңіс (12 – нокаут), мәнсабын бітірді.

7. Вадим Присяжнюк (1968 ж, 1-ші жартылай ауыр салмақ: 63,5 келіге дейін) – 1995 жылы PABA чемпигны атанды; 18 кездесу – 15 жеңіс (3 – нокаут), мәнсабын бітірді.

8. Бақытжан Аманбаев (1966 ж, 1-ші жартылай ауыр салмақ: 63,5 келіге дейін) – 1996 жылы PABA чемпионы атанды; 11 кездесу – 10 жеңіс (1 – нокаут), мәнсабын бітірді.

9. Қанат Сыйқымбаев (1973 ж., 2-ші жартылай ауыр салмақ: 58,9 келіге дейін) – 1997 жылы PABA чемпионы атанды; 15 кездесу – 9 жеңіс (2 – нокаут), мәнсабын бітірді.

10. Қанат Ислам (1984 ж., 1-ші жартылай салмақ: 69,9 келіге дейін) – WBA-ның Fedecaribe титулының иегері (2012 жылдан бастап) и және WBA Fedelatine (2013 жылдан бастап); 17 кездесу – 17 жеңіс (14 – нокаут); WBA рейтингінде 11-орын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или