Ресей құрамасы бразилиялық клубпен жолдастық матч өткізуден бас тартты

11 маусымда Ресей құрамасы мен Бразилия чемпионатындағы «Итуану» командасы арасындағы жолдастық кездесу жоспарланған болатын. Алайда ресейліктердің бас бапкері Фабио Капелло бұл матчты өткізуден бас тартты.

Жергілікті біріншілік бір ай бұрын аяқталып, «Итуану» футболшылары демалысқа кетті.

Матч Иту қаласында Астана уақытымен 01:00-де басталу керек болатын.

Естеріңізге сала кетсек, әлемдік додада Ресей құрамасы Н тобында Бельгия, Алжир және Оңтүстік Корея құрамаларымен ойнайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или