«Арена Коринтианс» дайын емес

«Арена Коринтианс» дайын емес
<p> <strong>Сан-Паулудағы футболдан әлем чемпионатының ашылуы &ndash; Бразилия мен Хорватия құрамалары күш сынасатын біріншіліктің алғашқы ойыны өтетін &laquo;Арена Коринтианс&raquo; стадионының жөндеу жұмыстары әлі күнге толық аяқталмаған, деп жазады ИТАР-ТАСС.</strong></p> <p> Мәліметтер бойынша, 20 мың адамды орналастыру көзделген уақытша трибуналар құрылысы толық аяқталмаған. Оған қоса, стадион маңы құрылыс жұмыстарынан қалған қоқыстан тазартылмаған. Ал аренаның ВИП-бөлімдеріне жиһаздар енді ғана әкелініп жатыр. Ашылу салтанатында ойын-сауық шаралары өтетін орын да толық дайын емес.</p> <p> Айта кетейік, Сан-Паулу стадионында Бразилия-Хорватия ойындарынан тыс Уругвай-Англия (19 маусым), Нидерланды-Чили (23 маусым), Оңтүстік Корея-Бельгия (26 маусым), 1/8 ойыны (1 шілде) және жартылай финал (9 шілде) кездесулері өтеді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или