Әншілер арасында «Арт футбол» фестивалі өтті немесе Әлем чемпионаты

Мәскеуде футболдан Әлем чемпионаты өтті. Алайда, ойыншылар кәсіби спортшылар емес, эстрада әншілері. Бразилия, Германия, Голландия сынды көптеген елдерден жиналған командалардың арасында Қазақ елінің өкілдері де бар.

Жарысқа әлемнің 16 мемлекетінен келген командалар қатысты. Талап бойынша, әрбір топта 3 қана кәсіби футболшы, өзгесі әншілер болуы тиіс.

Қазақтың эстрада жұлдыздары - Мәскеуде. Алайда, жерлестеріміз гастролдік сапарға емес, доп сайысқа келді. Әншілігімен елге танылған өнерпаздар «спорттан да құралақан емеспіз», дейді.

Мұқасан Шахзадаев, «Нұр-Мұқасан» тобының әншісі: «Бала күнімнен доп тептім, футболшы болу арманым болды. Қазір жастарымыз не болса соған еліктеп, әуесқой болып кетті. Осындай алаңға келіп жүгірсе, денсаулықтарына пайдалы».

Медет Көжеков, «Арай» тобының әншісі: Кейбір командаларда әншілерге қарағанда, кәсіпқой ойыншылар көп. Бізге шамалы қиындау болды».

Күнтуған Сұлтанұлы, «Серілер» тобының әншісі: «Көп командада өздерінің мемлекеттерінің жоғары лигасында ойнап жүрген 7-8 футболшыдан бар. Барлығына сай болып келген команда Қазақстан мен Италия деп жатыр. Италияда 80 пайызы әншілер, бізде 90 пайызы әншілер».

Нұрлан Қонысбаев, «Нұр-Мұқасан» тобының әншісі: «Командалар 16 мемлекеттен келген. Олар концерт қойды. Ең жақсы топ деп, 2-ші орынды «Ринго» тобына беріп жатыр. Жалпы, біздің команданы жақсы бағалады».

«Арт футбол» - әлемдік деңгейдегі қайырымдылық акциясы. Әншілер доп теуіп қана қоймай, бос кездерінде концерт те берді. Шарадан түскен қаражаттың барлығы науқасы ауыр балаларға таратылады.

Әншілер арасындағы футболдан әлем чемпионаты 1 апта бойы өтті. Қазақ өнерпаздары Англия мен Иранды ұтты. Ресей мен Голландиядан ұтылды. Ал, эстониялық әріптестерімен тең түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или