Зарина Дияс Ноттингемдегі доданың жартылай финалына шықты

Ноттингемде өтіп жатқан ITF сериясындағы теннис турнирінде қазақстандық Зарина Диас жартылай финалға жолдама алды.

Ол ширек финалдық кедесуде АҚШ спортшысы Мелани Оудиннен – 6:1, 6:7 (3:7), 6:3 есебімен басым түсті. Бұл жеңістен кейін қазақстандық теннисші жалпы есепті теңестірді. 1:1.

Мелани әлемдік рейтингте 161-ші сатыда тұр, ал Зарина болса 86-шы. Оудин екінші айналымда жапон қызы Аюми Моританы 6:1, 6:3 есебімен ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші айналымда Зарина Диас австралиялық теннисші Оливия Роговсканы 6:2, 3:6, 6:0 есебімен жеңген еді. Екінші айналымда Ұлыбритания теннисшісі Наоми Броудиден 7:5, 3:6, 6:2 есебімен басым түсті

Ноттингем турнирінің жалпы жүлде қоры – 75 мың АҚШ доллары.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или