Әскери қызметкерлер арасындағы ӘЧ. Сегіз қазақстандық финалда

Әскери қызметкерлер арасындағы ӘЧ. Сегіз қазақстандық финалда
<p style="margin-bottom: 0.1cm; text-align: justify;"> <strong>Алматыда өтіп жатқан әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында сегіз қазақстандық боксшы жартылай финалда жеңіске жетіп, алтыннан алқа тағынуға мүмкіндік алды. Тағы екі қазақстандық қола медальға қанағат қылды, деп хабарлайды ҚБФ-ның ресми сайты.</strong></p> <p style="margin-bottom: 0.1cm; text-align: justify;"> Әскери қызметкерлер арасындағы әлемдік доданың финалистері мынадай: Олжас Байниязов (49 келіге дейін), Олжас Сәттібаев (52&nbsp;келіге дейін), Қайрат Ералиев (56 келіге дейін), Бекман Сойлыбаев (60&nbsp;келіге дейін), Бобыржан Момынов (75&nbsp;келіге дейін), Арман Рысбек (81&nbsp;келіге дейін), Асқар Абдуллаев (91&nbsp;келіге дейін) және Қамшыбек Қонқабаев (91 келіден жоғары).</p> <p style="margin-bottom: 0.1cm; text-align: justify;"> Қола медальға ие болған Елдос Сарқұлов (64 келіге дейін) жартылай финалда тунистік Алаа Шилиге 1:2 есебімен жол берді, ал Сағадат Рахманқұлов (69 келіге дейін) Еуропа чемпионатының және Олимпиада ойындарының жүлдегері француз Алексис Вастиннен айласын асыра алмады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или