Төрт бірдей қазақстандық боксшы Chemistry Cup додасының жартылай финалында жұдырықтасады

Галле қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық Chemistry Cup жарысында жартылай финал кездесулеріне төрт қазақстандық боксшы қатысады.

30 мамыр күні күндізгі уақытта шаршы алаңға Теміртас Жүсіпов (49 келі) пен Әділбек Ниязымбетов (81 келі) шығады. Теміртас түрік боксшысы Толгахан Өзтүрікпен, ал Әділбек неміс Серж Михельмен күш сынасады.

Кешкісін ринг төріне финал үшін болатын жолдаманы сарапқа салу үшін Ілияс Сүлейменов (52 келі) пен Берік Абдрахманов (60 келі) шығады. Ілияс ресейлік Василий Веткинмен, Берік немус Роберт Артуюнянмен жұдырықтасады.

Жарысқа тағы екі былғары қолғап шеберіміз Алмасбек Әлібеков (64 келі) және Рустам Сваев (75 келі) қатысқан болатын, алайда Алмасбек ширек финалдан, ал Рустам алғашқы айналымнан ары аса алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или