«Ролан Гаррос». Федерер Лацкоға мүмкіндік қалдырмады

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Францияда өтіп жатқан «Ролан Гаррос» додасындағы алғашқы қарсыласы Лукаш Лацконы қиындықсыз жеңді.

Париждегі жарыста әлемнің төртінші ракеткасы словакиялық теннисші Лацконы үш партияда тізе бүктірді, Қорытынды есеп – 6:2, 6:4, 6:2.

Роджер қарсыласының доп берісін 5 мәрте сәтті алып, Лукашка брейк-пойнт жасауға мүмкіндік бермеді.

Федерер келесі матчта Гаштао Элиас (Португалия) – Диего Шварцман (Аргентина) кездесуінің жеңімпазымен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или