Ауыр атлетикадан әлем біріншілігінің логотипі анықталды

Ауыр атлетикадан Қазақстан федерациясы Алматыда 8-16 арасында өтетін әлем біріншілігінің эмблемасын бекітті.

Логотип Қазақстанның ұлттық ерекшеліктері есепке алынып Халықаралық ауыр атлетика федерациясының талаптарына сай жасалған.

Логотиптің негізіне жұлқа көтеру жаттығуын жасап жатқан ауыр атлеттің сұлбасы алынған. ХААФ-тың талаптарына сай логотипте келесі жазбалар ұсынылған:

IWF – Халықаралық ауыр атлетика федерациясы

World Championships – әлем біріншілігі

Almaty 2014 – әлем біріншілігінің өтетін уақыты мен орны

Логотипте алтын түстес элементтермен көгілдір түс қолданылған. Бұл Қазақстан туының түсі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или