Британ теннисшісі Елена Балтача бауыр обырынан қайтыс болды

Шығу тегі украин британдық теннисші Елена Балтача үстіміздегі жылдың наурызында анықталған бауыр обырынан 31 жасында қаза болды. Бұл туралы ВВС Ресей қызметі хабарлайды.

Елена Балтача – киевтік “Динамо” және КСРО құрамасының атақты футболшысы Сергей Балтачтың қызы. Спорттық мансабында Елена 11 мәрте Халықаралық теннис федерациясы турнирларының жеңімпазы атанып, Ұлыбританияның “бірінші ракеткасы” атанды.

Өткен жылы Балтача өз спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеп, өзінің бұрынғы жаттықтырушысы Нино Севериноға тұрмысқа шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или