Диас Open de Cagnes-sur-Mer Alpes-Maritimes турнирін жарақатына байланысты жалғастыра алмады

Қазақстандық теннисші Зарина Диас швейцариялық Тимео Бачинскиден ойын барысында жеңіліп жатып, турнирді жалғастырудан бас тартты.

Шет елдік басылымдардың айтуынша, қазақстандық спортшыға жарақаты бөгет болған. Айта кетергілі, Диас кездесуді 2:6, 0:3 есебімен аяқтады.

ITF аясында өтіп жатқан Open de Cagnes-sur-Mer Alpes-Maritimes турнирінің жүлде қоры 100 000 АҚШ доллары.

Сонымен қатар, бүгін Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева канадалық Шарон Фишманнан айласын асыра алмаған болaтын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или