«Жетісу» сырт алаңда ұпай олжалады

Қазақстан чемпионатының 10-шы туры аясында Шымкентте «Ордабасы» мен «Жетісу» күш сынасты.

Матч қызықты өрбіді. Саулюс Ширмялис баптаған команда өз алаңында жеңіске жетуге тырысты. Талдықорғандық ұжым сырт алаңда барынша ұпай жинауға тырысып бақты.

Есепті алғаш болып Омари Тетрадзе шәкірттері ашты. Ойынның 31-ші минутында ортадан пас алған Заречный Григоренко қорғаған қақпаның кілтін тапты. Алғашқы таймның соңында «Жетісу» қақпасына 11-метрлік айыпдобы белгіленді. Азат Нұрғалиев мүмкіндікті қалт жібермеді.

Екінші тайм шымкенттіктердің басымдығымен өткенімен, есеп ашылған жоқ.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Жетісу» (Талдықорған) 1:1 (1:1)

Голдар: Нұрғалиев (45,пенальтиден) – Заречный (31)

Төрешілер: Артем Кучин (Қарағанды), Нұрлан Жаспенов (Алматы), Самат Шәріпов (Атырау)

Қосалқы төрешілер: Бахытжан Кенжебаев (Шымкент)

Инспектор: Альберт Карымов (Павлодар)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или