Елена Балтача қатерлі ісіктен көз жұмды

Елена Балтача қатерлі ісіктен көз жұмды
<p style="text-align: justify;"> <strong>Бұрынғы теннисші Елена Балтача жексенбі күні, 4 мамырда, өмірден озды. Естеріңізде болса, наурыз айында Еленаның бауырынан қатерлі ісік табылған болатын.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Үлкен өкінішпен біздің тамаша Бэллидің қайтыс болғанын жариялаймыз. Ол айрықша адам еді. Оның мінезі, ақкөңілділігі және мейірімділігі ешкімді немқұрайлы қалдырмайтын&raquo;, &mdash; деді Еленаның бұрынғы бапкері мен жары Нино Северино.</p> <p style="text-align: justify;"> Балтача әр түрлі уақытта ITF-дің төрт додасында топ жарып,&nbsp;WTA рейтингінің 49-сатысына дейін көтерілген. Спорттық мәнсабын бітірген кезде оның қоржынында 324 жеңіс пен 243 жеңіліс болған. Киевте дүниеге келген теннисші мәнсабын былтыр ғана аяқтаған еді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или