Том Леффлер: «Чавесті күте алмаймыз»

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Хулио Сезар Чавестің жауабын күтпейтінін айтты.

«Чавесті күте алмаймыз. Келісімін берсе - жақсы. Егерде бас тартса, НВО-мен шілде айына белгіленген кездесуге басқа қарсыласты іздейміз. Бір ай бұрын Аруммен (Чавестің промоутеры) ауызша келісімге келгенбіз. Алайда, Чавес «Top Rank» компаниясымен өз мәселелерін шеше алмауда», — деді Леффлер The Times-қа берген сұхбатында.

«Келісімге келеміз деген ойдамын. Леффлерді түсінемін, бірақ кішкене шыдай тұру керек. Чавес келісімін береді, содан соң оны жібереміз» — деді Боб Арум.

Естеріңізге сала кетсек, Чавестің Боб Аруммен келісімшартты бір жекпе-жектен кейін аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или