Үш қазақстандық теннисші Барселонада бақ сынайды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Андрей Голубев, Михаил Кукушкин және Александр Недовесов Барселонада өтетін турнирдің негізгі кестесіне іріктеусіз түсті. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Бірінші раундта Голубев италиялық Маттео Виоламен, Кукушкин Австрияның өкілі Юрген Мельцермен теке-тіреседі. Ал Недовесов 24 жастағы жергілікті теннисші Иньиго Сервантес-Иегунмен кордта кездеседі. Бұл турнирдің қазіргі жеңімпазы - Рафаэль Надаль.</p>
<p style="text-align: justify;">
Ал сайыстың жүлде қоры 1 845 585 евроны құрайды.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или