Фелпс үлкен спортқа қайта келмек

Фелпс үлкен спортқа қайта келмек
<p style="text-align: justify;"> <strong>Олимпиаданың 18 дүркін чемпионы Майкл Фелпс үлкен спортқа қайта оралмақшы, деп хабарлайды шетелдік басылымдар.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Келесі аптада атақшы спортшы Аризонда өтетін турнирке қатысады. Фелпстің бапкері Боб Боуман бұл шешім 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін жазғы Олимпиадаға жасалған қадам болатынын басып айтпады. Сонымен қатар, алда өтетін жарыстардағы мүмкін болар сәтсіздікдер 28 жасар чемпионның бар жетістіктерін жоққа айналдыра алмайтынын хабарлады.&nbsp;</p> <p style="text-align: justify;"> Лондонда өткен Олимпиадада американдық спортшы Лариса Латынинаның медальдардың жалпы саны бойынша жасаған рекордтын бұзған еді. Фелпс жалпы есепте 22 мәрте мойнына медаль таққан, ал оның 18-і алтын.&nbsp;</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или