Серік Сәпиев туралы фильм халықаралық кинофестивальдің жеңімпазы

«Серік Сәпиев. Олимпиадаға жол» атты деректі фильм XII халықаралық «Красногорский» кинофестивалінің «Нағыз батыр» аталымы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының ресми сайты.

Шығарманың басты кейіпкері Серік Сәпиевті және Олимпиада жеңімпазы, екі дүркін Әлем чемпионы туралы түсірілген фильмнің авторы әрі продюсері Ольга Сапожникованы 2 сәуір күні, Мәскеуде болған марапаттау рәсімі кезінде фестивальдің құрметті президенті Ирина Роднина құттықтады.

Ал қазылар алқасының төрағасы, белгілі актер Евгений Герасимов Серіктің спортқа сіңірген еңбегін атап өте келе, бұл туындыны елдің барлық мектептерінде көрсету қажет екендігін айтты.

Айта кетейік, ТМД және Еуропа елдерінің спорттық жанрындағы кино форумына 23 мемлекеттен алты аталым бойынша 77 деректі және көркем ленталар ұсынылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или