Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан Италияда топ жарды

Италияның Сельва-ди-Валь-Гарден қаласында өтіп жатқан Gardena Spring Trophy жарысында 14 жастар қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева жеңіске жетті.

Жасөспірімдер арасындағы жарыста сынға түскен қазақстандық спортшы қысқа бағдарламадан кейін екінші орында тұрғанымен, еркін бағдарламада қарсыластарын басып озды. Ол екі кезең қорытындысы бойынша 157,86 ұпай жинады.

Екінші орынды 143,26 ұпай жинаған АҚШ спортшысы Эшли Шин иеленді. Ол оның отандасы Брэйди Теннел 140,56 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұл турнир 20 жыл бойы ұйымдастырылып келеді. Кезінде бұл жарыста Мишель Кван, Саша Коэн және Каролина Костнер сында танымал мәнерлеп сырғанаушылар жеңіске жеткен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или