Украина WSB финалын өткізуден бас тартты

Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) финалдық жекпе-жектері 30-31 мамырда Киевте өтуі тиіс еді. Алайда Украина финалдық жекпе-жектерден бас тартқан. Бұл туралы ресейлік команданың бас менеджері Степан Лендьел мәлімдеді деп хабарлайды Р-Спорт.

Оның айтуынша, WSB финалдық жекпе-жектерді Әзірбайжанда өткізуге ұсыныс тастаған. Сонымен, қатар бұл ұсыныс Ресейге деп жасалуы мүмкін. Оның үстіне АИБА президенті Чинг Куо Ву Мәскеуге келген.

Айта кетейік, 31 наурызда Мәскеуде Ресей мен Украина құрамаларының арасында ширек финалдың алғашқы жекпе-жегі өтеді. Ал қарымта кездесу 4 сәуірде Донецк қаласында өтеді деп жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана арландары» WSB плей-офф кезеңінің алғашқы кездесуін сырт алаңда өткізіп, Team Germany командасынан 3:2 есебімен басым түсті. Қарымта кездесу 5 сәуірде Алматыда өтеді. Бұл жекпе-жекті «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отыр.

Ал Дүниежүзілік бокс сериясының өтен маусымының финалы Астанада өткен еді. Сол кездесуде қазақстандық команда «Украина атамандарын» 6:5 есебімен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или