Сергей Деревянченко қарсыласын айқын басымдықпен ұтып

WSB Бүкіләлемдік бокс сериясының төртінші маусымының Astana Arlans және Team Germany командалары арасындағы 1/4 финалының бірінші кездесуінде 75 кг салмақтағы Денис Роберт Радован және Сергей Деревянченко жекпе-жекке шықты.

Сергей Деревянченко еш күттірместен қарсыласын зерттеп, шабуылға шықты. Денис Роберт Радован бастапқы уақытта қорғаныста жақсы қимылдаса, раунд аяқтала Сергей бар басымдықты өзіне алды.

Үшінші раундта неміс боксшысы шаршап қалғаны көрінді. Осы мүмкіндікті сәтті пайдалана білген Деревянченко шапшаң қимылдап, жақын ұрысқа бет алды. Алайда, төртінші кезеңде украиндық легионердің өзі де шаршап қалды.

Әдеттегідей, бесінші раунда бапкерлер шәкіртінен қарсыласын ұрып-жығуды міндеттеді. Бірақ, Денис Роберт оңай шағылар жаңғақ емес екен. Соңғы минуттарға дейін Сергейдің соққыларынан қорғана білді.

0:3 (45:50, 45:50, 45:50) есбімен Сергей Деревянченко қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Team Germany мен Astana Arlans ұпайларын теңестірді – 2:2.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или