Зарина Дияс Манчестер турнирінің жартылай финалына шықты
<span>Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Манчестер ITF турнирінің жартылай финалына шықты. </span>
<span>Дүниежүзілік рейтингте 101-орында тұрған З.Дияс ширек финалда қытайлық, әлемнің 128-ракеткасы Сиюй Ванмен кездесті. Тартысты өрбіген бірінші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда Зарина дес бермеді - 7:6 (7:1). </span>
<span>Екінші сетте қазақстандық теннисшінің басымдылығы айқын көрінді - 6:2. Бәсеке 1 сағат 24 минутқа созылды. </span>
<span>Зарина Дияс финалға шығу үшін осы турнирдің екінші, әлемнің 98-ракеткасы, америкалық Мэдисон Бренглмен таласады.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или