Асхат Уәлиханов қарсыласына жол берді

WSB Бүкіләлемдік бокс сериясының төртінші маусымының Astana Arlans және Team Germany командалары арасындағы 1/4 финалының бірінші кездесуінде 64 кг салмақтағы Артур Харутюнян мен Асхат Уалиханов жекпе-жекке шықты.

Бірінші раунд бірден екі жақ қарсыластардың бір-біріне шабуылдаудан басталды. Осындай қызу күресте екі былғары қолғап шеберлерінің қайсысына басымдық беру қиын болды.

Егер екінші раунда неміс клубының боксшысы Артур Харутюнянның басымдығымен өтсе, үшінші турда біздің боксшымыз Асхат Уәлихановтың шеберлігі көрінді.Алайда, келесі төртінші және бесінші кезең Харутюнянның пайдасына шешілді.

Бес раундатыңі қорытындысы бойынша неміс клубының боксшысы Артутр Харутюнян 3:0 (49:46, 48:47, 49:46) есебімен жеңіске жетіп, Team Germany командасын алға шығарды, 2:1.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или