Басқа

Соққысы жойқын қазақстандыққа шетелдік құрамалар қызығушылық танытуда

news-banner7
mobile-news-top

Шығыс Қазақстан облысындағы Алтай қаласында 11 сынып оқушысы Анна Захарова ұлттық жекпе-жекпен айналысып, талай сайыста топ жарып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тіпті соңғы бір жылда Қазақстан Республикасының спорт шебері атанды.

Алтайдың абыройын асқақтатып тұрған Анна Захарова осы. Қаладағы №8 мектеп ішінен ашылған жекпе-жек спорт клубының тәрбиеленушісі. Айтуынша, ол бастапқыда футболға әуестеніпті. Алайда жекпе-жектің бір жаттығуына қатысқан соң осы спортқа ден қойған. Осылайша 2017 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ал өткен жылы жекпе-жектен спорт шебері атанды. Соққысы жойқын қызға шетелдік құрамалардың да аңсары ауа бастапты.

«Бірақ мен өз мектебімді, туып-өскен қаламды тастағым келмейді. Тіпті кейін басқа жақта оқысам да түбінде осы жаққа келіп қыздарды жекпе-жек спортына тартуға үлес қоссам деймін. Өйткені әрбір қыз өзін, жақындарын қорғай алуы тиіс», - деді Анна Захарова.

«Аннаның әр қимылы нәтижелі», – дейді жаттықтырушылары. Мәселен, былтыр Павлодарда өткен чемпионатта ол өз қарсыласын 9 секунд ішінде құлатыпты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер