Мадияр Әшкеев Алматы төрінде белбеуін қорғайды
Қазақстандық Мадияр Әшкеев (12-0, 6КО) 5 шілде күні Алматыда өтетін кәсіпқой бокс кешінде жұдырықтасады.
Отандасымыз Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтетін бокс кешінде шаршы алаға шығады. Әрі бірінші орта салмақта NBA World белдігін сарапқа салады. Әшкеевтің қарсыласы қазірше белгісіз.
Еске салайық, 23 мамырда өткен жекпе-жекте Мадияр 34 жастағы америкалық боксшы Сесил Маккаланы (21-4, 8 КО) төрешілердің шешімімен жеңіп, NABF Junior белбеуіне ие болған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или