Батыр Жүкембаев менеджерімен қош айтысты
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев менеджері Анна Ревамен бірге жұмыс істеуді тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Әзірге қос тараптың не себепті мұндай шешімге келгені белісіз. Қазір Батыр Жүкембаев жаңа менеджер іздестіру үстінде.
Отандасымыз 2015 жылдан бері кәсіпқой бокста жүр. Eye of the Tiger Management промоутерлік компаниясымен келісімшарты бар, алайда соңғы уақытта тараптар біраз кикілжіңге келген.
Естеріңізге сала кетейік, Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегін 18 мамыр күні мексикалық Луис Хесус Видалеске қарсы өткізіп, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или