14 маусым 13:40

Еуропа ойындары басталады

21-30 маусым аралығында Беларусь астанасы – Минскіде ІІ Еуропа ойындары өтеді. Осы бәсекелер барысында 50 мемлекеттен келген 4 мыңнан аса өрен 15 спорт түрі бойынша 199 жүлде жиынтығын сарапқа салады.

Айтулы жарыстың тұсауы осыдан төрт жыл бұрын Әзербайжанның бас шаһары – Бакуде кесілді. Қарт құрлықта тұңғыш рет ұйымдастырылған кешенді доданың жалпыкомандалық есебінде 164 жүлде (79 алтын+40 күміс+45 қола) олжалаған Ресей құрамасы көш бастады. Екінші және үшінші орындарды Әзербайжан (21+15+20) мен Ұлыбритания (18+10+19) иеленді. Сондай-ақ үздік бестіктің қата­рына Германия (16+17+33) мен Франция (12+13+18) қосылды. Естеріңізге сала ке­тейік, Каспий жағалауында өткен жарыс­та 50 елден келген 5730 өрен 30 спорт тү­рі бойынша 253 жүлде жиынтығы үшін сайыс­қа түскен еді.

Ал ІІ Еуропа ойындарында бәсекелер акробатика, аэробика, бадминтон, баскетбол (3х3), батутпен секіру, бокс, велоспорт (шоссе, трек), грек-рим күресі, дзюдо, еркін күрес, ескек есу, жағажай футболы, жеңіл атлетика, каратэ, көркем гимнастика, нысана көздеу, садақ ату, самбо, спорттық гимнастика, стенд ату және үстел теннисінен өтеді.

Түпнұсқасы:egemen.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0

Пікір қалдырасыз ба?

Кіріңіз, Тіркеліңіз немесе әлуметтік желі арқылы кіріңіз:

Үздік материалдар

Спасибо. Сообщение об опечатке отправлено нашим редакторам.

Сіз тіркеуден өттіңіз! Сайтымызға кіру үшін авторизацияны қолданыңыз.