Бокс

Головкин әлемнің ең бай спортшыларының тізіміне енді

Головкин әлемнің ең бай спортшыларының тізіміне енді
news-banner7
mobile-news-top

Forbes басылымы ең көп жалақы алатын спортшылардың тізімін жариялады.

Тізімге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де енген. Соңғы бір жылда отандасымыз 25,5 миллион еуро пайда тауып, рейтингінің 95-ші сатысына жайғасқан. Ал боксшылардың ішінде үздік нәтижені мексикалық Сауль Альварес көрсетті. Канело бір жылда 94 миллион табыс түсіріп, 4-ші орынға тұрақтаған.

Головкиннің гонорары неге аз

Көш басын аргентиналық футболшы Лионель Месси бастады. Ал екінші орынға Криштиану Роналду жайғасса, үздік үштікті Неймар түйіндеді.

Осылайша, әлемнің ең бай спортшыларының тізімінің үздік үштігін футболшылар алды.

Ең көп жалақы алатын спортшылар:

1. Лионель Месси (Аргентина, футбол) — $ 127 млн
2. Криштиану Роналду (Португалия, футбол) — $ 109 млн
3. Неймар (Бразилия, футбол) — $ 105 млн
4. Сауль Альварес (Мексика, бокс) — $ 94 млн
5. Роджер Федерер (Швейцария, теннис) — $ 93,4 млн
6. Рассел Уилсон (АҚШ, америкалық футбол) — $ 89,5 млн
7. Аарон Роджерс (АҚШ, америкалық футбол) — $ 89,3 млн
8. Леброн Джеймс (АҚШ, баскетбол) — $ 89 млн
9. Стефен Карри (АҚШ, баскетбол) — $ 79,8 млн
10. Кевин Дюрант (АҚШ, баскетбол) — $ 65,4 млн.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер