«Казақ королі» мексикалық боксшымен чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады
Қазақстандық боксшы Виктор Коточигов (9-0, 4 КО) кезекті жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды.
Жеңіліс дәмін татпаған боксшымыз мексикалық Хайро Лопеспен (24-10, 16 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жекте жеңіл салмақтағы WBC International белбеуі сарапқа салынады. Бокс кеші 6 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.
Айта кетейік, <span>«Казақ королі» лақап атымен танымал боксшы соңғы жекпе-жегінде латвиялық Андрей Подусовты (16-11-1, 5 КО) — 79-74 есебімен жеңген болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или