Надаль 12-рет «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атанды
Испаниялық теннисші Рафаэль Надаль 12-інші рет «Ролан Гаррос» турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>Испаниялық спортшы қарсыласын 6:3, 5:7, 6:1, 6:1 есебімен ұтты. Бәсеке 3 сағат 1 минутқа созылды.</span>
<span>Өткен жылғы финалда да қос теннисші кездесіп, Надаль 6:4, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жеткен еді. </span>
<span> Сонымен қатар, Надаль «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі 18-інші табысына қол жеткізді. Бұл жөнінен ол швейцариялық Роджер Федерерге жақындай түсті. Оның еншісінде 20 титул бар. Әлемнің 1-ракеткасы, сербиялық Новак Джокович үшінші орында тұр, ол «Үлкен дулыға» турнирлерін 15 мәрте ұтып алды. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или