Стив Роллс: Бұл тозақ болады. Мен әлемді таңғалдырамын

Стив Роллс: Бұл тозақ болады. Мен әлемді таңғалдырамын

Канадалық боксшы Стив Роллс қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек жайлы пікір білдірді.

«Мен айқасқа бара жатырмын. Қазір мені танымайтындар 8 маусымнан кейін мені естерінен шығармайтын болады. Геннадий Головкинді құрметтеймін, бірақ мен әлемді таңғалдырмақпын.

Бұл тозақ болады. Ауыр жекпе-жек болады.

GGG - керемет чемпион. Мықты және шабуылды жақсы көреді, оған қоса джебі жойқын.

Кәсіпқой ретінде алғаш рет 12 раундтық жекпе-жек өткізгелі жатырмын. Алайда бұл қағаз жүзінде ғана. Жаттығуым жақсы, барлық раундқа шыдаймын», — деді Роллс.

Еске сала кетейік, 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында GGG Стив Роллсқа қарсы жекпе-жек өткізеді.

Головкин – Роллс жекпе-жегінің тікелей трансляциясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или