Боксшыларымыз Шанхайда 7 жүлде алды

Боксшыларымыз Шанхайда 7 жүлде алды

Шанхайда бокстан халықаралық турнир аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстанның қоржынында жеті медаль бар.

56 келіде Нұрбол Қалжанов қытайлық қарсыласынан басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. Сонымен қатар 81 келіде Нұрбек Оралбай топ жарса, 91 келіде Айбек Оралбайға тең келер боксшы болмады.

Саматәлі Төлтаев 60 келі салмақ дәрежесінің финалында моңғолиялық боксшыға жол беріп, күміс жүлдегер атанды.

Талғат Шәйкен жарақатына байланысты финалдық кездесуге шыға алмай, 69 келіде күміс жүлдені місе тұтты.

Шалқар Айқынбай 49 келіде, Дамир Тойбай +91 келі салмақ дәрежесінде қола жүлдегерлер атанып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или