Головкин – Роллс жекпе-жегінің андеркарты
Қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) арасындағы жекпе-жектің андеркартында шығатын боксшылар белгілі болды.
Кештің екінші басты жекпе-жегінде Әли Ахмедов (14-0, 10 КО) мен Маркус МакДэниэл (15-0, 2 КО) WBC International белбеуіне жұдырықтасады.
Джонатан Арройо (3-0-1, 1 КО) — Джордан Моралес (3-7, 2 КО) (жартылай орта салмақ);
Бахтияр Эюбов (14-0-1, 12 КО) — Брайан Себальо (8-0, 4 КО) (жартылай орта салмақ);
Исраил Мадримов (2-0, 2 КО) — Норберто Гонсалес (23-12, 13 KO) (бірінші орта салмақ);
Чарльз Конуэлл (9-0, 7 КО) — Кортни Пеннингтон (12-3-3, 5 КО) (бірінші орта салмақ, USBA титулы үшін);
Никита Абабий (4-0, 4 KO) — TBA (орта салмақ).
Айта кетейік, бокс кеші 8 маусым күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden кешенінде өтеді.