Стив Роллс: Головкинді жеңген соң арманыма жақындай түсемін

Стив Роллс: Головкинді жеңген соң арманыма жақындай түсемін

Канадалық боксшы Стив Роллс қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жегі алдында берген сұхбатында әлем чемпионы болғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Кәсіпқойға ауысқалы, бокспен айналыса бастағалы басты мақсатым – әлем чемпионы болу. Геннадий Головкинді жеңген соң арманыма жақындай түсемін. Бұл мен жазып жатқан тарих. Бірақ мен әлі жеңбегенімді және әлі әлем чемпионы емес екенімді түсінемін. Көп жұмыс істеуім керек», - деді Роллс.

Айта кетейік, Головкин – Роллс жекпе-жегі астана уақытымен 9 маусымда Нью-Йоркте өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или