Сұлтан Зәуірбек: Бәрі жоспар бойынша өтті
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зәуірбек Prosports.kz тілшісіне мансабындағы жетінші жекпе-жек туралы және кезекті кездесуіне дайындығы жайлы баяндап берді.
<span>- Мансабымда алғаш рет сегіз раундттан тұратын жекпе-жек өткіздім. Мен барлық раунд жұдырықтасқым келді. Әрине, жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталуы мүмкін еді. 3-4 раундта қарсыласымды нокаутқа түсіретін мүмкіндігім болды. Серхио Гонсалес жекпе-жекке мықты дайындалған. Оның үстіне шыдамды екен. Соққыларды жақсы тосты. Мақсат - көп шабуылдау болды. Бәрі жоспар бойынша өтті.</span>
- Қазір жағдайыңыз қалай? Жарақаттарыңыз мазаламай ма?
- Бәрі жақсы. Қытай боксшысы Ченхон Таоға қарсы жекпе-жекке қолымды жарақаттап алған болатынмын. Үшінші раундта қарсыласыма жойқын соққы жасағаннан кейін бұл жарақатым қайта мазалаай бастады. Қазір ем-дом алып жатырмын.
- Келесі жекпе-жегіңіз елордада өтеді. Жанкүйерлеріңіздің алдында жұдырықтасу қосышма жүк артпай ма?
- Иә. Мені қолдауға келетін жанкүйерлерімнің алдында шаршы алаңға шығу қиынға соғады. Бірақ мен дайынмын. Екі-үш күнде Шымкентке оралып, алғашқы бапкеріммен бұл жекпе-жекке дайындығымды бастаймын. Қарсыласымды жақсы танимын. Біз оның мықты және әлсіз тұстарын зерттеп шықты. Нұр-Сұлтанда әдемі бокс көрсетуге тырысамын.