Федерер мен Надаль «Ролан Гаррос» финалының жолдамасына таласады

Федерер мен Надаль «Ролан Гаррос» финалының жолдамасына таласады

Қос теннисші грунтта алты жылдан бері кездеспеген еді.

<span>«Ролан Гарростың» ширек финалында ардагер швейцариялық теннисші Роджер Федерер өзінің отандасы Станислав Вавринканың сағын сындырды. Кездесу 7:6 (7:4), 4:6, 7:6 (7:5), 6:4 есептерімен Роджер пайдасына шешілді.</span>

<span>Надаль 1/4 финалда жапон теннисшісі Кэй Нисикориді оңай айналып өтті. Үш сетке созылған матчта грунт королі қарсыласына бар болғаны бес гейм (6:1. 6:1, 6:3) ғана берді.</span>

<span>Енді финалдың жолдамасын Надаль мен Федерер сарапқа салады. Испандық теннисші өткен жылғы «Ролан Гарростың» жеңімпазы екенін айта кетейік. </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или