Ломаченконың ТОП-3 боксшысына Головкин енбеді
Жеңіл салмақта WBA Super және WBO тұжырымының чемпионы Василий Ломаченко әлемнің үздік үш боксшысын атады. Бұл тізімге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин енбеді.
«Кім мықты екені туралы ойлап көрмеппін. Меніңше әлемнің үздік үш боксшысы мыналар: Усик, Альварес, Кроуфорд, немесе Альварес, Кроуфорд, Усик, немесе Кроуфорд, Усик, Альварес. Айырмашылығы жоқ. Мен үшін топ-3 осы», — деді Ломаченко Loma Official TV YouTube-арнасына берген сұқбатында.
Айта кетейік, Василий Ломаченко кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп, оның тек біреуінде жеңіліс тапты. Қазір украиналық боксшы The Ring, BoxRec секілді беделді басылымдардың рейтингінде көш бастап тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или