Джошуа Руистен жеңілсе де, төрт есе көп сыйақы алды

Джошуа Руистен жеңілсе де, төрт есе көп сыйақы алды

Британиялық Энтони Джошуа мен америкалық кіші Энди Руистің титулды жекпе-жектен соң қанша сыйақы алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Руис сенсациялық түрде Джошуаны техникалық нокаутпен жеңіп, WBA, IBF, IBO және WBO титулдарын иеленген еді.

Осы жеңісіне қарамастан Руистің сыйақысы қарсыласынан бірнеше аз болып шықты. Америкалық боксшы 5,6 млн еуро алса, Джошуаның сыйақысы 22,5 млн еуро болды.

Айта кетейік, бұл Энди Руистің мансабындағы ең үлкен гонорар болып отыр. Бұған дейінгі рекорды – 2017 жылы Джозеф Паркерге қарсы кездесуден соң алған 900 мың еуро.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или