Джошуа сенсациялық түрде нокаутпен ұтылды. Видео
Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында суперауыр салмақта WBA Super, IBO, WBO және IBF титулдары үшін британиялық Энтони Джошуа мен америкалық кіші Энди Руис жұдырықтасты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Жекпе-жектің басты оқиғалары үшінші және жетінші раундтарда болды. Үшінші раундта Джошуа қарсыласын нокдаунға жіберген. Алайда Руис қарымта шабуыл жасап, британиялықты екі рет құлатты. Ал жетінші үшминуттықта Руис Джошуаны тағы екі рет нокдаунға жіберген, рефери жекпе-жекті тоқтатып тастады.
Осылайша, Руис төрт ұйымның тұжырымы бойынша әлемнің жаңа чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или